СҚО-да құрама жем цехы іске қосылды
«Якорь құс фабрикасы» ЖШС құстарға арналған теңдестірілген жем қоспаларын өндіруге арналған құрама жем цехын іске қосты, деп хабарлайды QZ News.
Жаңа өндіріс орнымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысты.
Кәсіпорын бұл жобаға 650 млн теңге инвестиция салған. Жаңа құрама жем цехында Германиядан әкелінген заманауи жабдық орнатылған, бұл жемнің сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Цехтың қуаттылығы – жылына 20 мың тонна жем. Бұл көлем құс фабрикасының қажеттілігін толық өтеп, саланың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Өткен жылы «Якорь құс фабрикасы» 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірген.