Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да қыстың бірінші айында қандай ауа райы болады?

СҚО-да қыстың бірінші айында қандай ауа райы болады?

Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жылы күз сақталып тұр. Қыс әдеттегіден кеш келмек. Бұл батыс пен оңтүстік циклондарға, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массасының тарауымен байланысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Желтоқсан айында Иран аумағынан жылу тарау жалғасады. Бір айдағы орташа ауа температурасы нөлден 10-12°С төмен болады деп күтілуде, бұл нормадан 2° жоғары. Бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде -2 -7°С-тан -10 -15°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжанады.

“Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -5 -10°С – қа, облыстың солтүстігінде -15°С -12°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Түнде ауа температурасының -15 -20°С-тан -22 -27°С-қа дейін, күндіз -5 -10°С – тан-12-17°С-қа дейін төмендеуі күтілуде”, – деп толықтырды “Қазгидромет” СҚОФ.

Бір айдағы жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады. Қар, боран, күштілігі 15-20 с/м жел бір ай ішінде жиі болжанады. Көктайғақ бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің басында болжанады.

 

Shares