СҚО-да сәуір айы қандай болады
Көктемнің екінші айында СҚО-да жаңбыр жиі жауады, бірақ температура біртіндеп көтеріледі. “Қазгидромет” ұйымы облыстық филиалының мәліметінше, сәуір айында ауаның орташа температурасы +4,2…+5,6 жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауа температурасы төмен болады. Мысалы, түнде 2 градус салқыннан + 3 жылыға дейін көтерілу байқалады, ал күндіз ауа температурасының біртіндеп 3-8-ден, облыстың оңтүстігінде 11-ден 10-15-ке дейін көтерілуі күтіледі.
“Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 1-6-дан 0-5-ке дейін, күндіз 11-16-дан 2-7-ге дейін төмендейді деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасының түнде 3-8 жылыға, күндіз 12-17 жылыға дейін көтерілуі байқалады. Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0-5 салқыннан 6-11 жылыға дейін, күндіз 6-11 жылыдан 16-21 жылыға дейін көтерілуі күтіледі”, – деп хабарлады “Қазгидромет” СҚОФ.
Синоптиктер сәуірде жауын-шашын жиі болады деп болжайды. Айдың бірінші жартысында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Көбінесе жаңбыр айдың екінші жартысында түседі.