2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда “Надежда” қарттар үйінің әйел-қонақтарына арналған мерекелік концерт дайындалды

Петропавлда “Надежда” қарттар үйінің әйел-қонақтарына арналған мерекелік концерт дайындалды

March 8, 2025 12:30

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «AMANAT» партиясының өкілдері «Надежда» қарттар үйінде тұратын әжелерді мерекемен құттықтап, концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.

⠀

Керемет атмосфера, жүрекке жылы тиер әндер мен шын жүректен шыққан құттықтаулар. Бұл – әжелер үшін күтпегентосын сый болды.

⠀

Концерттік бағдарламаны Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттері дайындап өткізді. Жас өнерпаздар өткен жылдардың сүйікті әндерін орындады.⠀

«Бұл мереке – біздің ардақты аналарымызға олардың біз үшін қаншалықты қымбат екенін тағы да бір мәрте еске салудың бір мүмкіндігі. Біз оларға қуаныш пен жылулықты сыйлағымыз келді. Біздің басты мақсатымыз – аға буынды ұмытпайтынымызды, қадірлейтінімізді және құрметтейтінімізді көрсету», – деді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Shares