Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО -да телемедицина бойынша пилоттық жоба жүзеге асты

СҚО -да телемедицина бойынша пилоттық жоба жүзеге асты

СҚО-ға жұмыс сапарымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгін облыстық ауруханада денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Франция елшісі Дидье Канесстің қатысуымен телемедицина бойынша пилоттық жоба таныстырылды.

Француздық «C3Medical» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында өңірде Қазақстандағы алғашқы телемедицина жобасы жүзеге асты. Облыстық ересектер мен балалар ауруханаларында және шалғайдағы аудандардың медициналық ұйымдарында «Лимстар» атты 16 телемедициналық кешен орнатылды.

Бұл технологияның ерекшелігі – дәрігерлер қосылған медициналық құрылғылардың көмегімен науқасқа қашықтан тексеру жүргізіп, кеңес береді. Кардиология, гинекология, УЗИ, ЛОР, дерматология және офтальмология бағыттары қамтылады.

“Осының арқасында ауыл тұрғындары облыс орталығына бармай көмек алады, шешім қабылдау уақыты қысқара түспек және тар мамандардың қабылдауы одан сайын қолжетімді болады”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares