СҚО-да жолға шығып кеткен жылқы көлік астына түсті
Тайынша ауданында табын иесінің назар аудармауының салдарынан республикалық маңызы бар Көкшетау — Омбы автожолының 100 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.
Қорадан қашып кеткен жылқы Аққұдық ауылынан 10 шақырым жолға шығып, Mitsubishi көлігінің астына түсті. Зардап шеккендер жоқ, жылқы да аман қалды. Көлікке зақым келген.
“Жылқының иесі, 31 жастағы жергілікті тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол автокөлік иесіне келтірілген залалды өтеді. Полиция қызметкерлері еркін жайылымға жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері ауданда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 262 хаттама жасалды, оның 43-і қыркүйек айында тіркелген”, – дейді Тайынша ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арғын Аманбаев.