Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жүк көлігі екі күн бойы қар құрсауында тұрды

СҚО-да жүк көлігі екі күн бойы қар құрсауында тұрды

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында, «Жезқазған-Петропавл» автожолының 726 шақырымында ағаш тасымалдайтын «КамАЗ» жүк көлігі екі күн бойы омбы қарда тұрды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көлікті шығарып алуға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға полиция лейтенанты Денис Солохин, полиция лейтенанты Олжас Темірболатов және жүк артатын техникасымен келген Крещен ауылдық округінің тұрғыны Роман Чибока көмектесті.

Жолда қиын жағдайға тап болған «КамАЗ» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі көмектескендердің барлығына шын жүректен алғысын білдірді.

“Жүргізушілерден қысқы жолдарда мұқият болуды, ал күрделі учаскелерде жылдамдықты азайтуды сұраймыз”,- дейді СҚО полицейлері.

Shares