Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жүк көліктеріне полицейлер көмек көрсетті

СҚО-да жүк көліктеріне полицейлер көмек көрсетті

Жезқазған – Петропавл тасжолының 800-шақырымында Мамлют ауданының 37 жастағы тұрғыны КамАЗ жүк көлігін басқара алмай, бидай тиелген жүк көлігімен жол жиегіне түсіп кеткен. Патрульдік полицейлер жағдайды байқап, жүргізушіге арнайы техника табуға көмектесті, деп хабарлайды QZ News.

Екі күннен кейін осы жолдың 806-шақырымында қиыршық тас тиелген тағы бір КамАЗ жол шетінде тұрып қалды. 62 жастағы жүргізуші қиын жағдайға тап болған кезде, полиция қызметкерлері оған көмек көрсетті.

Ал Көкшетау – Рузаевка тасжолының 138-шақырымында боран салдарынан Volvo жүк көлігі аударылып қалды. Фурада 18 тоннадан астам tetra pak қаптамасындағы сүт болған. 57 жастағы жүргізуші зардап шеккен жоқ. Полицейлер жақын маңдағы ЖШС-ға жүгініп, кәсіпорын басшылығы жүк көлігіндегі сүтті басқа фураға тиеуге қажетті техника мен адамдарды бөлді. Кейін Volvo көлігін орнына қойып, жолға шығарды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге Солтүстік Қазақстандағы құбылмалы ауа райын ескеруді ескертеді. Жолда көктайғақ, мұздың пайда болу қаупі жоғары, сондықтан ерекше сақтық танытып, жол жиегін бақылап, күрделі аймақтарда жылдамдықты азайту қажет.

Shares