Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ға бірінші жартыжылдықта 172 млрд теңге инвестиция тартылды

СҚО-ға бірінші жартыжылдықта 172 млрд теңге инвестиция тартылды

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің жетекшілігімен әкімдіктің отырысы өтіп, онда 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөліктерінің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы ішкі өнімнің 2029 жылға қарай 6-7 пайызға дейін өсуін қамтамасыз ету мақсатында өңірде экономиканы дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында күрделі су тасқыны жағдайына қарамастан облыс экономикасы тұрақты дамып келеді. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 2,0% өсіммен 84,4 млрд теңгені құраса, өнеркәсіпте 4,7% өсіммен 327 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Өсуді «ЗИКСТО», «Маслодел», «Евразиан милк», «Радуга», «Зеленый север», қағаз өнімдері зауыты, “СТ Assembly”, электротехникалық зауыт сынды кәсіпорындар қамтамасыз етті.

Облысқа 172 млрд теңге инвестиция тартылып, 10,1%-ға өсті. Құрылыста да орындалған жұмыс көлемі 12,9%-ға өсті. 90,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне даму көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ инвестжобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстап, өңірге инвесторлар тарту жұмыстарын күшейту қажет.

Shares