СҚО халықты сумен қамтамасыз ету 100% құрайды
Бүгінгі таңда облыс халқының қалаларда сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылуы 100%-ды құрайды. Бұл туралы СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұшанов хабарлады, деп хабарлайды QZ News.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының таза ауыз суға қолжетімділігі 97,5%-ды құрады. Бүгінгі таңда 502 ауыл сумен қамтамасыз етілген, халық саны 257,8 мың адамды құрайды.
«Нәтижесінде шамамен 280 км желілер салынып, реконструкцияланды, 103 елді мекенде жұмыстар жүргізілді, оның жалпы халық саны 47,1 мың адам. Даму бюджетінен 14 жоба іске асырылды (Шалқар, Таманское, Октябрьское, Новотроицкое, Старобелка, Тоқсан би, Чкалов, Петровка, Краснокаменка, Мироновка, Горькое, Мерген, Тельжан, Бидайык, Жас Ұлан). 8 аудан бойынша 64 кешенді блок-модуль орнатылды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 6 ауданда қамтылды», – дейді спикер.