СҚО кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету жалғасады
Елордада өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов судан зардап шеккен бизнес өкілдеріне қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Комиссия Үкіметтің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Әкімдік шағын және орта бизнес субъектілерінен 107 өтінішті қабылдады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3,3 млрд теңгені құрады. Біз Ұлттық экономика министрлігімен өтініш бойынша 1,6 миллиард теңге алдық, қалғанын өтініш берушілерге алған соң беруді жоспарлап отырмыз», — деп түсіндірді Ғауез Нұрмұхамбетов.