Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО мас күйде жолаушы тасымалдаған мотоцикл жүргізушісі 20 тәулікке қамауға алынды

СҚО мас күйде жолаушы тасымалдаған мотоцикл жүргізушісі 20 тәулікке қамауға алынды

Өңірде “Мас жүргізуші” ЖПІШ өтіп жатыр. Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары Есіл ауданы аумағында мотоцикліне 2 бірдей жолаушыны отырғызып алған жүргізушіні байқайды. Ол тәуліктің қараңғы уақыты мен боранға қарамастан жолға шыққан, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтағандай, ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны әйелі мен оның туысын мінгізген. Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін көрсетті. Айта кетерлік жайт, ер адамның көлікті басқару құқығы болмаған. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

ЖПІШ 5 күні ішінде мамандар мас күйінде автокөлікті басқарудың 22 фактісін анықтады. Сонымен қатар, 1360 түрлі құқық бұзушылықты әшкереледі, оның ішінде 63 жылдамдықты асыру фактісі мен жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеуінің 34 фактісі бар.

«Ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратын адамдар — ықтимал қылмыскерлер. Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Мұндай фактілердің алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі», – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Shares