Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокуратурасы: Петропавлдың 37 мектебі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілмеген

СҚО прокуратурасы: Петропавлдың 37 мектебі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілмеген

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде кеңес өткізді. Отырыста өңірде ағымдағы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 21-ден 28-ге дейін өскені жайлы айтылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Негізгі себептер Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың істі тиісінше үйлестірмеуі, профилактика субъектілерінің жүйелі жұмысының болмауы және заңда көзделген шараларды қабылдамауы болып табылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңнама талаптарын жүйелі бұзушылықтар анықталды.

“Мысалы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, 27 мыңнан астам бала оқитын облыс орталығының 37 мектебі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілмеген. Қадағалау органдары араласқаннан кейін ғана білім беру мекемелерінің әкімшілігі мектептердің күзет қызметтерін көрсетуге шарттар жасасу жөнінде шаралар қабылдады.

Заңның талаптарын бұза отыра, Петропавл қаласы мен М. Жұмабаев ауданының ювеналды полиция органдары Комиссия отырысына қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерге қатысты материалдарды жібермеген”,- делінген прокуратура хабарламасында.

 

 

 

Shares