Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО Тимирязев ауданында Түркістан облысынан келген 13 құтқарушы көмек қолын созуда

СҚО Тимирязев ауданында Түркістан облысынан келген 13 құтқарушы көмек қолын созуда

Түркістан облысы ТЖД тобы Тимирязев ауданына келді. 13 құтқарушы “Вахтовка” және “АСА КамАЗ” техникалармен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесетін болады. Топты ТЖ жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Досалиев Талғат Серікұлы басқарады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Айта кетейік, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін аудан бойынша жалға алынған техника мен ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының және басқа да ұйымдары басшыларының техникасы: экскаватор, бульдозерлер, тиегіштер, жүк көліктері, ассенизаторлық машиналар, аспалы жабдықтары бар тракторлар.

Суды айдау үшін мотопомпалар, “Мұхит” балшық мотопомпасы, “Камаз” мотопомпасы бар құтқару машинасы қолданылуда. Осы техника мен жабдықтар тәулік бойы жұмыс істейді және барлығы жарамды күйде.

“Елді мекендерден 40 000 текше метрден астам қар шығарылды, қапшықтарды инертті материалмен толтыру бойынша жұмыстар жалғасуда, барлығы 2000 қап толтырылды, елді мекендердің айналасында ұзындығы 90 км-ден асатын қарайту жұмысы жүргізілді, жалпы ұзындығы 100 км-ден асатын еріген судың өтуіне арналған арналар, шұңқырлар тазартылды. Тимирязево ауылындағы 18-ӨС бөлімінің барлық қызметкері, ауданның жергілікті атқарушы органдары және Түркістан облысының топтары түннің бір уағына дейін тұрғын үйлерді, аула аумақтарын және елді мекендердің көшелерін аралап, су басу қаупі бар учаскелерде жұмыс істейді, – деп хабарлады СҚО ТЖД.

Сондай-ақ, су тасқынына қарсы аудан аумағындағы күреске ЖАО мен құтқару құрылымдарының өкілдерінен басқа, қатардағы тұрғындар, еріктілер мен белсенділер қатысады.

“Су тасқыны жағдайы аудан әкімі Е. Жаровтың ерекше бақылауында. Су тасқыны мәселесі туындаған жағдайда Тимирязев ауданының су тасқынына қарсы штабына хабарласуға болады: 871537 (2-11-52) 871537 (2-12-40) +77051759188. +77055975950″, – деп еске салады СҚО ТЖД.

Shares