Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО тұмаудың алғашқы жағдайын тіркелді

СҚО тұмаудың алғашқы жағдайын тіркелді

Солтүстік Қазақстанда облыстық және бірінші қалалық балалар ауруханаларының жұқпалы аурулар бөлімшелерінде А (H1N1) тұмауының зертханалық расталған екі жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Тұмауға шалдыққан адамдар мектеп оқушысы мен әскери адам. Науқастар тұмауға қарсывакцина алмаған. Біріншісі 4 желтоқсанда, екіншісі 7 желтоқсанда тіркелді. Өткенэпидемиялық маусымда тұмаудың алғашқы жағдайы 2023 жылдың 9 қарашасындатіркелді», – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментібасшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Қазан айында Солтүстік Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны өтті. Арман Құшбасов өзнәтижелерімен бөлісті.

«Халықтың осал топтарындағы 60 мың адам ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасымен егілді. 8502 медицина қызметкері, 495 жүкті әйел, 5262 мектеп оқушысы, диспансерлік есепте тұрған 20985 адам, жабық мекемелерден 1671 азамат, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 23085 адам егілді», — деді Арман Қүшбасов.

Shares