Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО Уәлиханов ауданында балаларға арналған республикалық спартакиада өтеді

СҚО Уәлиханов ауданында балаларға арналған республикалық спартакиада өтеді

Уәлиханов ауданы әкімдігі мен “KHAN” балалар спорт және шығармашылық клубы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Маңызды меморандум аясында мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру-білім беру, шығармашылық әлеуетін, спорттық, шығармашылық және зияткерлік дағдыларын тәрбиелеу мен дамытуды бірлесіп ілгерілетуге бағытталған серіктестік қатынастар орнатылды.

“Біз екі мектепте, сондай-ақ 5 ауылдық округте болдық. СҚО-ның әртүрлі аудандарымен байланыс орнаттық, спорттық және шығармашылық үйірмелердегі ұл-қыздарды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз. Бағдарлама Art Sport деп аталады. СҚО-да шахмат фестивалі өткізілді, Қызылжар ауданында волейболдан республикалық фестиваль өтті. Уәлиханов ауданында осындай ауқымды іс-шараға инфрақұрылым дайындалып жатқанда, біз әкіммен республикалық спартакиада өткізу туралы мәселе пысықталды. Ынтымақтастық аясында көптеген идеялар мен жоспарлар бар”, – деді астаналық “KHAN” балалар спорт және шығармашылық клубы басшысының көмекшісі Арман Бектұрғанов.

Shares