Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: СҚО ауылдарында арықтарды тазарту, су айдау және қап төсеу жұмыстары жүргізілуде

Су тасқыны-2024: СҚО ауылдарында арықтарды тазарту, су айдау және қап төсеу жұмыстары жүргізілуде

Аудандарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. СҚО ТЖД қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мәселен, ТЖ департаментінің 16 қызметкері және Түркістан облысы жеке құрамының 5 қызметкері Тайынша ауданына қарасты Амандық ауылының маңында инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде.

Ал Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында еріген қар суының өтуі үшін арықты тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Аққайың ауданындағы Черкасское ауылында, Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында және Мамлют ауданының Бостандық ауылында су айдау жұмысы жүргізілуде.

Shares