Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: СҚО-да соңғы тәулік ішінде 3 жол учаскесін су басты

Су тасқыны-2024: СҚО-да соңғы тәулік ішінде 3 жол учаскесін су басты

Су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар ауа температурасының жоғарылауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты негізде жүргізілуде. Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте өңір аумағында 50 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тұрғын үйлерді су басу қаупі азайды. 29 наурыз күні Петропавл қаласынан елді мекендерді су басу қаупін азайту және болдырмау үшін Уәлиханов ауданына күштер мен құралдар топтамасы жіберілді. Соңғы тәулікте облыс бойынша автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басты.

“Бүгінгі таңда Тайынша ауданы Аққұдық ауылының маңындағы республикалық маңызы бар автожолда су тұр. Осы учаскеге барлау жүргізу үшін аудан әкімі ТЖ бөлімінің бастығымен бірге барды. Облыс бойынша бізде 280-ден астам техника жұмылдырылды. Бұл құтқарушылар, ЖАО, коммуналдық қызметтер, сондай – ақ ниет шарттары жасалған ұйымдар бар”, – деді СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Shares