Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынына дайындық-2025: Гауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында көшпелі кеңес өткізді

Су тасқынына дайындық-2025: Гауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында көшпелі кеңес өткізді

Тайынша ауданында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елді мекендердің су тасқыны кезеңіне дайындықтарын кешенді түрде тексеру, қауіп-қатерлерді мұқият талдау және қажетті шараларды қабылдау мақсатында көшпелі кеңес өткізді. Кеңесте жауапты қызметтердің басшылары, Тайынша, Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарының әкімдері есеп берді, деп хабарлайды QZ News.

«Кеңес Тайыншада өтуі бекер емес — өткен жылы аудан еріген су салдарынан зардап шеккен еді. Өткен жылғы жағдайдың қайталануын болдырмау үшін 11 ауыл мен Тайынша қаласында 32 км топырақ үйінділері нығайтылды», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.

Өткен жылы аудан аумағында су жолдардан ағып, жол төсемін бұзуға тура келген. Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында 61 су өткізу құбыры орнатылды. Аудан орталығында қосымша 24 су өткізу құбыры орнатылып, 7 км су ағызу каналы салынды.

Су тасқыны қаупі Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарында да сақталуда. Осыған байланысты Ғауез Нұрмұхамбетов аудан әкімдеріне көктемгі тасқынға мұқият дайындалып, қажетті инертті материалдар мен техниканы қамтамасыз етуді тапсырды.

Shares