Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті мамандары кейбір қызметтерге тарифтерді 41,61%-ға дейін төмендете алды
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2024 жылға арналған «Инвестицияларға айырбас тарифі» тарифтік саясатын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 2 678 798 мың теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламалар мен 4 табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жылды қорытындылаған баспасөз мәслихатында тиісті ведомство басшысы айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Департамент 2025 жылға жалпы сомасы 3 755 145 мың теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламаларды және 4 табиғи монополия субъектісінің тарифтерін түзетті. 2024-2025 жылдарға арналған қосымша инвестициялық инвестицияларды ескере отырып, жылумен жабдықтау секторына 8 834 801 мың теңге, электрмен жабдықтау секторына 6 197 691 мың теңге, сумен жабдықтау және су бұру секторына 2 336 432 мың теңге инвестицияланады», – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Дамир Тоқтамысов.
Биылғы жылы департамент мамандары есептерді талдау нәтижелері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алынған кірістерін анықтады. Оның 16-сы бойыншажалпы сомасы 151 311,45 мың теңгеге уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Бұл 20 қызметбойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында жасалды. Бұл ретте тарифтіңтөмендеуі 0,1%-дан 41,61%-ға дейін болды.
«Департамент 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша 11 табиғи монополия субъектісімен бірлесіп жылусыз тұтынушылар үшін сыртқы ауаныңнақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайтаесептеу жұмыстарын жүргізді.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 24 452 тұтынушығақатысты ҚҚС есептегенде халыққа қайтарылатын сома 24 136 773,49 теңгені құрады», – деді Дамир Тоқтамысов.
Бүгінгі таңда алты субъекті ақшаны толығымен қайтарды. Тағы бес монополист ағымдағы жылыту маусымы аяқталғанша тұтынушыларға ақшасын қайтарады.