Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Жұмабаев ауданында белсенді еріктілер марапатталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Жұмабаев ауданындаволонтерлар форумы өтті. Оған қатысушылар өткен жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шарада еріктілер фронт-кеңсесі басшысы мен «Добро в село» қорының директоры сөз сөйледі. Олар биылғы жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Форумда белсенділер волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар алды. Мерекелік іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.