Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Таза бейсенбі»: Ақжар ауданында ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіштің аумағы жаңарды

“Таза бейсенбі”: Ақжар ауданында ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіштің аумағы жаңарды

Ақжар ауданы Талшық ауылында “Таза бейсенбі” акциясы өтті. Қатысушылар – партия белсенділері мен жергілікті еріктілер, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қатысушылар Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштің аумағын қалпына келтіруге және абаттандыруға күш салды.



Іс-шараға қолғап киген, қап пен түрлі құрал ұстаған әртүрлі жастағы тұрғындар қосылды. Олар лезде саябақтағы қоқыстарды жинап, ескерткіш маңын жаңартты. Жергілікті партиялықтар қатысқандары үшін белсенділерге алғыс білдіріп, Ұлы Отан соғысы жылдарында күрескен сарбаздарды еске алудың маңыздылығын атап өтті.  

“Біз ауылды тазалап қана қоймай, жауға қарсы тұрған батырларға құрмет көрсетеміз. Бұл ескерткіш пен саябақтың қадір-қасиетін білу керек, оны құрмет пен еске алу орны ретінде сақтау өте маңызды. “Таза бейсенбі” акциясы болашақ ұрпақ үшін тарихты сақтаудың маңыздылығын еске салады”, – деп атап өтті “AMANAT” партиясы Ақжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бауыржан Баржанов.

Shares