Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысының оқушысы олимпиадада жүлделі орынға ие болып, университетке оқу грант жеңіп алды

Солтүстік Қазақстан облысының оқушысы олимпиадада жүлделі орынға ие болып, университетке оқу грант жеңіп алды

November 25, 2024 10:00

20-22 қараша аралығында Астанада жаратылыстану-математика пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Қызылжар дарыны» орталығынан хабарлағандай, беделді зияткерлік сайысқа СҚО-дан 8 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыстық «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы Әлижан Әмір үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар ол Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетіне оқуға грант  жеңіп атанды.

Shares