Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тимирязев ауданында су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Тимирязев ауданында су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Тимирязев ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

21 елді мекеннің 17 ауылы топтық су құбырынан су алады. Тағы үш ауылдың тұрғындарыжергілікті жерден тіршілік нәрін алса, бір елді мекенге ауыз су жеткізіліп тұрады.

«Қазіргі уақытта Тимирязево ауылындағы су мұнарасының ғимараты, сорғы тобы жәнеқұбырлары 20,5 млн теңгеге жөнделді, бұл облыс аудан тұрғындарын ауыз сумен үздіксізқамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Есіл су» тармағының солтүстік су құбырын қайтажаңғырту жұмыстары аяқталды: Дружба ауылынан Степное ауылына дейін ұзындығы 4,5 км, Степное ауылынан Докучаево ауылына дейін ұзындығы 30,6 км. км», – деді Тимирязев ауданының әкімі брифинг барысында.

Ерлан Жаров биыл облыстық бюджеттен Құртай ауылдық округіне қарасты Ракитное ауылындағы тұщыландыру қондырғысының кешенді блоктық модулін сатып алуға 8,8 миллион теңге бөлінгенін қосты. Жоба аяқталды.

«2024-2025 жылыту маусымына дайындық аясында орталық аудандық қазандықта жылумен қамту тиімділігін арттыру мақсатында жалпы сомасы 26 млн теңгеге жылу магистралінің апатты учаскелерін жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді Ерлан. Жаров.

Shares