ТЖМ қызметкерлері ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағындағы өртті оқшаулады
Петропавл қ. Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк автомобилі тұрған гаражда өрт шықтыі, деп хабарлайды QZ News.
Өрт алдын ала 252 ш.м алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығымен күрделенді, бұл оттың тез таралу қаупін тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді.