Уәлиханов ауданының тұрғындарына жаңа үйлердің кілті табыс етілді
Кішкенекөл ауылының тұрғындары Зәуре Ахметова мен Айгүл Мұханова жайлы үйлердің иесі атанды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа үй кілттерін Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуова табыс етті. Үйлерді сатып алуға бюджеттен 16 миллион теңге бөлінді.
«Қоныс тойы – әр отбасы үшін үлкен мереке. Мемлекеттің қолдауының арқасында бүгінде ауылдастарымыздың үлкен қуанышына куә болғанымыз қуантады», – деді аудан әкімінің орынбасары.