Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жаңа медициналық мекемелер мен персонал тапшылығы: Аққайың ауданында денсаулық сақтау саласы қалай дамуда?

Жаңа медициналық мекемелер мен персонал тапшылығы: Аққайың ауданында денсаулық сақтау саласы қалай дамуда?

ӨКҚ брифингінде Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев тұтас өңірде жетіспейтін медицина қызметкерлерін жұмысқа шақырып, қолдау жайлы айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Аққайың ауданында денсаулық сақтау саласының 290 қызметкер бар. Бүгінгі таңда мұндағы кадр тапшылығы 5 адамды құрайды. Невропатолог, кардиолог, онколог және 2 жалпы тәжірибелік дәрігер. Соңғыларының келуі биыл күтілуде.

“Біздің ауданға келген медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Жас мамандар мен дәрігерлер үшін бюджет қаражатынан тұрғын үй және көтерме жәрдемақылар беру көзделген. Ағымдағы жылы ауданға 6 дәрігер келді. Олар жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасына 5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы алуға құжаттар берілді”, – деп атап өтті Рүстем Елубаев.

2024 жылы Ивановка, Власовка және Тюменка ауылдарында 3 медициналық пункт салу, сондай-ақ Черкасское ауылында ФАП-ты күрделі жөндеу жоспарлануда. Ауданның жергілікті меценаттарының күшімен Полтавка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды.

 

 

Shares