Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жұмыс аптасының алғашқы күндері Солтүстік Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі

Жұмыс аптасының алғашқы күндері Солтүстік Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі

23 желтоқсанда Петропавлда күн бұлтты болады, қар жауып, сырғыма жүреді, ауа температурасы -2-4 °C, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 24 және 25 желтоқсанда облыс орталығында көшпелі бұлт шығады. Термометр көрсеткіштері -5-7 °C көрсетеді. Сәрсенбі күні ауа температурасы -7-9 °C дейін төмендейді.

Дүйсенбі күні облыстың оңтүстігі мен батысында сырғыма жүреді, көктайғақ болады, термометр көрсеткіштері-2-7°С. 24 желтоқсанда облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, сырғыма жүреді деп күтіледі, сынап бағанасы -5-10 °C төмендейді.

25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық болады. Термометр көрсеткіштері -7-12 °C көрсетеді.

Shares