Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Бескөл ауылының тумасы Аманғали Бекболатов әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Бескөл ауылының тумасы Аманғали Бекболатов әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Бакуде әскери қызметшілер арасында күрестен 36-шы әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада біздің жерлесіміз Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Чемпионатқа әлемнің 19 елінен 200-ден астам спортшы қатысты. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бескөл ауылының тумасы Аманғали Бекболатов үздік атанды. Ол финалда Ираннан келген қарсыласын жеңіп, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл спортшының алғашқы жеңісі емес. Аманғали Бекболатов – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Анри Деланэны еске алуға арналған “Франция Гран-приінің” жеңімпазы, Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. Палуан – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Shares