Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Облыс кикбоксшылары әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Облыс кикбоксшылары әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Кикбоксингтен Португалияда өткен әлем чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі

Қос жүлдені 54 кг салмақ дәрежесінде Жарасов Данияр мен 57 кг салмақ дәрежесінде Асылбеков Аслан иеленді.

“Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын әлем чемпионатында табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз. Оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!”,- деп жазды дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов өзінің Фейсбук парақшасында.

 

Shares