Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Параатлет Ербол Хамитов Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде еншіледі

Параатлет Ербол Хамитов Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде еншіледі

Жерлесіміз Ербол Хамитов  Италиядағы әлем кубогының екінші кезеңінде 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секундта жүріп өтіп, қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мәреге бірінші болып украиналық спортшы Тарас Рад келді. Тіркеген уақыты – 21:33.2 секунд. Екінші – Украинадан келген тағы бір параспортшы Павло Бал. Оның нәтижесі – 21:52.2 секунд.

Парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан әлем Кубогының екінші кезеңі Италияның Мартель қаласында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 18 елінен 160-тан астам спортшы қатысуда. Ел құрамасы сапында 7 спортшы өнер көрсетеді.

 

 

 

Shares