Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда алғаш рет Walking Football турнирі өтті

Петропавлда алғаш рет Walking Football турнирі өтті

Петропавл қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен алғаш рет Walking Football – Петропавл турнирі өтті, деп хабарлайды QZ News.

Walking Football — бұл жай ғана футбол емес. Бұл – егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын нығайтуына және спорт арқылы әлеуметтік қолдау табуына мүмкіндік беретін ерекше формат. Walking Football – бұл Ұлыбританияда арнайы 50 жастан асқан футбол жанкүйерлері үшін жасалған бейімделген ойын түрі. Түрлі себептермен олар дәстүрлі футбол ойнай алмайды. Жаяу футболды әрі жабық залда, әрі ашық алаңда ойнауға болады.

«Петропавл біз турнир өткізген үшінші қала. Бұған дейін Астана мен Алматыда ойындар өткен. Қазір біз өз ауқымымызды кеңейтіп жатырмыз. Бүгін 8 команда жиналды. Ойыншылардың жасы 45 жастан жоғары. Қатарынан екі матч өтеді Әр команда бір-бірімен кездеседі. Топтық кезеңнен кейін екі жартылай финал, одан соң финал және үшінші орын үшін матч өтеді», – деді Қазақстан футбол федерациясының тұрақты даму бағытының жетекшісі Артур Темерханов.

Ойынның басты ерекшеліктері: жүгіруге қатаң тыйым салынған. Бұл ереже бұзылса, айып беріледі; доп бас деңгейінен жоғары көтерілмеуі тиіс; жабық залда футзал добы, ал ашық алаңда футбол добы қолданылады. Айта кету керек, Walking Football адам ағзасына артық салмақ түсірмейді, алайда жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтып, жалпы бұлшықет тонусын сақтауға көмектеседі.

Shares