Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда атақты балуан және жаттықтырушы Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Петропавлда атақты балуан және жаттықтырушы Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Петропавлда грек-рим күресінен атақты балуан және жаттықтырушы Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды. Турнир екі күнге созылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Уәлихан Құдышұлы көзі тірі кезінде спорттың дамуына зор үлес қосты. Ол республикалық, халықаралық жарыстар мен турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы болды. “Спартак”, одан кейін “Қайрат” спорт қоғамын басқарды. Ол талантты спортшылардың, грек-рим стиліндегі балуандардың үлкен тобын тәрбиеледі. Оның кейбір шәкірттері ұстаздарының жолын таңдады. Қазір өздері жаттықтырушы болып еңбек етеді.

“Солтүстік Қазақстанда Уәлихан Нұркеевтің даңқты жолының лайықты жалғастырушылары бар. Біз Аманғали Бекболатовтың, Данияр Каленовтың, біздің жас балуандарымыз Нариман мен Рауан Бекимовтардың спорттық жетістіктерімен мақтана аламыз”, – деп атап өтті СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасы.

Атақты жерлесті еске алуға арналған турнир жыл сайын Қазақстанның және Ресей Федерациясының қалалары мен аймақтарынан командаларды жинайды. Биылғы жылы ерекшелік болған жоқ. Грек-рим стиліндегі жас балуандардың жарысына Ресейдің Қорғанынан, Кемерово, Новокузнецк, Омбыдан, сондай-ақ Қазақстанның Ақмола, Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан екі жүзге жуық спортшы қатысады.

Жас спортшылар екі күн ішінде он бес салмақ дәрежесінде күш сынасады.

Shares