Петропавлда бокстан Азия чемпионы Наталья Богданованы құрметпен қарсы алды
Азия чемпионатының алтын жүлдегері Наталья Богданова елге оралды. Байрақты бәсекеТайландта өтті. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде солтүстікқазақстандық финалдықкезеңге дейін жетіп, жергілікті спортшыны жеңіп, ұлттық жүлделер қорын толықтырды. Чемпионды «Береке» ықшам ауданындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндесалтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Наталья Богданованы жеңісімен құттықтауға спорт қоғамының өкілдері, сала ардагерлері, жас спортшылар келді.
«Чемпионат алдындағы оқу-жаттығу жиыны айларға созылды, мен қатты қобалжыдым, бапкер маған көбірек сенді. Мен атақты спортшымен финалға шыққанда, бірінші раундтаоны жеңе алатынымды түсіндім. Жетістікке жеттім, әрине, қатты шаршадым, қиын болды, бірақ мен мақсатыма жеттім. Маған жаттықтырушылар мен қазақстандықтардың қолдауыкөп көмектесті. Азия чемпионатына бірінші рет қатысуым еді, бұл оңай турнир емес екенін түсіндім, сондықтан рнамысты қолдан бермеуге тырыстым. Әр жекпе-жек алдында өзімді психологиялық тұрғыдан дайындадым. Жаңа жылға дейін демалуға уақыт берді. 2025 жыл оқу-жаттығу жиындары мен турнирлерге толы болады, мен спортқа көп көңіл бөлемін және отбасыммен аз уақыт боламын. Менің арманым – Олимпиада ойындарына қатысу, және оған қатысамын деген үміттемін», – дейді бокстан Азия чемпионы Наталья Богданова.
Спорттық өнер көрсеткен жылдар ішінде Наталья Богданова өзінің беделін түбегейлі нығайта білді, Қазақстанның үздік спортшыларының біріне айналды. Республикалық чемпионаттар мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атанды.