Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдағы НЗМ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған волейбол турнирі өтуде

Петропавлдағы НЗМ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған волейбол турнирі өтуде

Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2010–2011 жылы туған және одан кіші қыздар арасында волейбол турнирі басталды. Жарыс ұлттық мереке — Отан қорғаушылар күні мен Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды QZ News.

Турнир «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық волейбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара жас ұрпақ арасында дене шынықтыру мен волейболды дамытуға серпін беріп қана қоймай, халқымыздың қаһармандық тарихына деген құрметтің белгісі болып табылады.

Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген қыздар командалары қатысуда. Ойындар ҚР Волейбол федерациясы бекіткен ресми ережелер бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталып, үздік ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Shares