Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдық спортшылар үйге жеңіспен оралды

Петропавлдық спортшылар үйге жеңіспен оралды

Иранның астанасы Тегеран қаласында алғаш рет есту қабілеті нашар адамдар арасында жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мұхиты чемпионаты өтті. Біздің жеңіл атлеттеріміз Анастасия Соловьева мен София Колосова 4*100 және 4*400 метрге эстафеталық жарыста екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сонымен қатар, София көпсайыстан алтын медаль иегері атанды, ал биіктікке секіруде екінші орын алды және 200 метрге жүгіруде ең мықты үштікті түйіндеді. Анастасия болса 5000 және 10000 метрге жүгіруде күміс, ал ядро лақтыру додасында “қола” жүлде жеңіп алды. Олардың командаласы Владимир Беккер биіктікке секіруде және 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде күміс медаль жеңіп алды.

Бүгін олар жаттықтырушылармен бірге үйге, Петропавлға оралды. Қалада оларды туыстары мен жақындары, “Үміт”клубының басшылығы мен қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алды. Біздің спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

 

Shares