Солтүстік Қазақстан облысының балуандары «Chempiondar Ligalary»» республикалық турнирінде мықтылар қатарынан көрінді
Желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында Астанада жекпе-жек сарайында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы «Chempiondar Ligalary» республикалық чемпионатының IV кезеңі өтті. Турнирге еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жарыстар грек-рим, еркін, дзюдо және қазақ күресі сияқты күрес түрлерінен өтті. 10 салмақ дәрежесі бойынша ең мықты спортшылар анықталды. Солтүстікқазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды.
«Ералы Белгібай (75 келі) пен Шыңғыс Батырбек (62 келі) 3-орын, Әділбек Боташ (68 келі) 1-орынға ие болды. Ақтық кездесуде ол Ақмола облысынан келген Азия чемпионатының жеңімпазымен белдесті. Біз бұл турнирге қыркүйек айынан бері дайындалдық, үшінші кезеңде жеңіліп қалдық, сондықтан төртінші кезеңде жақсы нәтиже көрсету үшін көп дайындалдық. Жігіттерді менімен бірге Фархат Нұрланов жаттықтырды», – дейді жаттықтырушы-ұстаз Досым Ержан.