Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар Әлем кубогынан жеңіспен оралды
Петропавл теміржол вокзалында Түркияның Анталья қаласында өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсеткен солтүстікқазақстандық кикбоксшыларды салтанатты түрде қарсы алды. Аталған турнир 14–18 мамыр аралығында өтіп, оған 41 елден 2549 спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ News.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз тамаша нәтиже көрсетті:
- Аслан Асылбеков 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (фулл-контакт) Әлем кубогының бес дүркін чемпионы атанды.
- Данияр Жарасов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Спортшылар мен олардың бапкерлерін жеңістерімен құттықтап, қазақстандық спорттың абыройын асқақтатуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.