Петропавловск
+14°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық Руслан Молдыбаев Қазақстан ұлттық муайтай құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

Солтүстікқазақстандық Руслан Молдыбаев Қазақстан ұлттық муайтай құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

Руслан Молдыбаев Қазақстан ұлттық муайтай құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. QZ News редакциясына берген сұхбатында Руслан Молдыбаев Республикалық құрамамен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтты.

Молдабаев Руслан Кажибаевич 1986 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2009-2014 жылдар аралығында тай боксы бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 2014-2024 жылдар аралығында СҚО муайтай құрамасының аға жаттықтырушысы болды.

Ол муайтайдан спорт шебері, жоғары категориялы жаттықтырушы және халықаралық дәрежедегі төреші. Оның тәрбиеленушісі — екі дүркін әлем чемпионы Шамиль Ермағамбетов. Бұрынғы бас жаттықтырушы Елхан Аменович Аманкулов өз еркімен қызметінен кеткен.

«Алда үлкен жоспарлар, жауапкершілік пен жұмыс күтіп тұр. Тай бокс қарқынды дамып, үлкен қадамдармен алға жылжуда. Мен үлкен жауапкершілік сезінемін», — деді Руслан Молдыбаев.

Shares