СҚО гимнастшылары Түменде өткен аймақаралық жарыста топ жарды
Солтүстік Қазақстан облысының жас спортшы қыздары Түмен қаласында (РФ) өткен көркем гимнастикадан «Весенняя мелодия – 2025» атты аймақаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ News.
Ресей мен Қазақстанның спорт мектептерінен келген 12 команда бақ сынаған беделді турнирде СҚО-ның «Олимп» мектебінен шыққан «Сияние» және «Взлет» командалары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ресейлік спортшыларға лайықты қарсылас бола білді. Айта кету керек, Ресейдің көркем гимнастика мектебі – әлемдегі ең мықтылардың бірі.
Жарысқа қыздарды СҚО-ның тәжірибелі жаттықтырушылары – Анастасия Норкина мен Юлия Колесникова дайындады. Турнир қарсаңында жаттығулар кешке дейін жүргізілді.
– Жарыс деңгейі өте жоғары. Мұндай додада өнер көрсету – мүлде басқа деңгей мен формат. Біз бұл жарысқа жыл сайын қатысамыз, спорт шеберлігіне кандидаттар бағдарламасы бойынша өнер көрсетеміз. Биыл 13, 14 және 15 жастағы 11 қыз қатысты. Ресейлік қарсыластар өте мықты болды, тіпті кей жерлерде олардан қалып қоямыз ба деп ойладық. Алайда біздің қыздар да үлкен әлеуетке ие екенін дәлелдеді, – деді жаттықтырушы Анастасия Норкина.
Жетістіктің артында – табанды жаттығу мен СҚО гимнастшыларының таланты тұр:
1 орын – «Сияние» командасы
2 орын – «Взлет» командасы
Бұл жеңіс СҚО спортшыларының жоғары дайындығы мен олардың бапкерлерінің кәсібилігін айқын дәлелдейді. Жас гимнаст қыздарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
«Көктемгі әуен – 2025» аймақаралық жарысынан кейін біздің спортшылар 31 мамырда өтетін Петропавл қаласының көркем гимнастика чемпионатына дайындықты бастайды.