Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО спортшылары «Alatau-2025» турнирі мен ардагерлер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

СҚО спортшылары «Alatau-2025» турнирі мен ардагерлер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының бес адамнан тұратын құрама командасы «Алатау» халықаралық турнирі мен «MASTERS» санатындағы ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ News.

Команда құрамына Виталий Пенкин, Мирас Максютов, Марат Берденбеков, Дамир Файзуллин және Марат Мусин кірді. Айта кетерлігі, Мирас Максютов, Дамир Файзуллин мен Марат Мусин – арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлері, Марат Берденбеков – мемлекеттік қызметші, ал Виталий Пенкин – Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі және СҚО десантшылар одағының төрағасы.

Жетістіктер:

Виталий Пенкин (45–49 жас):
Нағыз триумф иесі атанды. Ол 5 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.
Алтын:
– 200 метрге жүгіру
– 4×400 эстафетасы
– Ядро итеру
– Диск лақтыру
– Копье лақтыру (жеке және турнирлік рекорд – 40.78 м)
Күміс:
– 4×100 эстафетасы
Оның жетістіктеріне жаттықтырушылары Олег Витальевич Кондратьев пен Оксана Владимировна Бевза зор үлес қосты.

Дамир Файзуллин (40–44 жас):
Универсалды спортшы ретінде көзге түсті.
– Алтын: ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру
– Күміс: ядро итеру, 4×100 эстафетасы

Марат Мусин (40–44 жас):
– Алтын: 200 метрге жүгіру, 4×400 эстафетасы
– Күміс: 400 метр, 4×100 эстафетасы
– Қола: ұзындыққа секіру

Мирас Максютов (35–39 жас):
– Алтын: 4×400 эстафетасы
– Күміс: диск лақтыру, 4×100 эстафетасы
– 100 метр қашықтығында 4-орын

Марат Берденбеков (55–59 жас):
– Алтын: 1500 метрге жүгіру, 4×400 эстафетасы
– Күміс: 5000 метрге спорттық жүріс, балға лақтыру

СҚО спортшыларының бұл жетістігі — аймақ үшін үлкен мақтаныш. Олар ардагерлік жасқа қарамастан жоғары нәтиже көрсетіп, саламатты өмір салты мен ерік-жігердің жарқын үлгісін көрсетті.

Shares