Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Жасөспірімдер Олимпиадасы: Солтүстік Қазақстан облысы спортшыларының өнер көрсету кестесі

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Солтүстік Қазақстан облысы спортшыларының өнер көрсету кестесі

19 қаңтар күні Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді. Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары жарыс жолына қаңтардың 22 жұлдызынан бастап шығады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

19 қаңтарда Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болады.

22 қаңтар күні таңғы 8:00-де конькимен жүгіру спортынан жарыс өтеді, онда 500 метр қашықтықта қос солтүстікқазақстандық Алина мен Кристина Шумековалар бақ сынайды.

23 қаңтар күні таңғы 8:30-да біздің қыздар 1500 метр қашықтықта өнер көрсетеді.

25 қаңтар: таңғы 8:30-да конькимен жүгіру бойынша аралас эстафета басталады.

Ал 26 қаңтар күні 8:30-да конькимен жүгіру бойынша жаппай старт басталмақ.

1 ақпан күні Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Басталу уақыты – 17:00.

 

Shares