Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар 23 медаль жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар 23 медаль жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы III ҚР чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар 5 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль иеленді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Чемпионат 10-11 ақпан күндері Астанадағы “Kazakhstan” атты жаңа жеңіл атлетика кешенінде өтті. Солтүстік Қазақстан облысы спортшыларының жарыста бақ сынауына СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 35 және одан жоғары жастағы 300-ден астам қатысушы жиналды. Спорт алаңында екі күн бойы жеңіл атлетика бағдарламасының 13 түрі – жүгіру, секіру, лақтыру, эстафета және спорттық жүріс бойынша медальдар сарапқа салынды. 

Жарысқа қалалық мәслихат депутаты және еркін күрес палуаны Закиржан Мамлютов қатысты. Ол жеңіл атлетикамен енді айналысып жүргенін және чемпионатта қола медаль жеңіп алғанын атап өтті.

Ал Ольга Вернер 25 жыл спортпен айналысады және Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бұл – оның жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы үшінші ҚР Чемпионаты. Ол үш медаль жеңіп алды – алтын, күміс және қола. Спортшы атап өткендей, ол жүгіру сайысында да, лақтыру бәсекесінеде де өнер көрсетеді.

“Жақында ғана өткен халықаралық турнирде әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары жүгірген су жаңа спорт аренасында өнер көрсету өте ұнады. Керемет атмосфера! Біз басқа қалалардың көптеген спортшысымен доспыз, араласып тұрамыз. Жарыстың тамаша ұйымдастырылуы мен тамаша көңіл-күй бізді екі күн бойы қанаттандырды. Мұндай жарыстар күннен-күнге танымалдана түсіп, көптеген әуесқой спортшыны жинауда”, – дейді Ольга.

Жеке көрсеткіштері бойынша біздің спортшылар мынандай жүлделі орындарға ие болды:

26-34 жас: Величко Юлия – 2 орын – 3000 м, 3 орын – 1500 м.

35-39 жас: Вернер Ольга – 1 орын – ядро лақтыру, 2 орын – 60 м, 3 орын – 1500 м.

                   Колесников Владимир -2 орын – 4х200 м эстафета, 3 орын – 4х400 м эстафета.

                   Файзулин Дамир – 2 орын – 4х200 м эстафета, 3 орын – 4х400 м эстафета.

40-44 жас: Мамлютов Закиржан 3 орын – ядро лақтыру.

              Юхименко Павел – 2 орын – 200 м, 2 орын – 400 м, 2 орын – 4х200 м эстафета, 3 орын – 4х400 м эстафета, 3 орын – 60 м.

45-49 жас: Пенкин Виталий – 1 орын – 60 м, 1 орын – 200 м, 1 орын – ядро лақтыру, 2 орын – 4 * 200 м эстафета, 3 орын – 4 * 400 м эстафета, 3 орын – 400 м.

55-59 жас: Берденбеков Марат – 3 орын – 200 м; 3 орын – 400 м.

60-64 жас: Макина Сәуле 1 орын 3000 м – спорттық жүріс.

Ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан ҚР келесі чемпионаты шілде айында Алматыда өтеді.

Shares