Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » №14 маршрутқа жаңа автобустар шықты

№14 маршрутқа жаңа автобустар шықты

Енді Прибрежное ауылынан Петропавлға және қарама-қарсы бағытта жаңа автобустар арқылы қатынауға болады. Елді мекенде 2 мыңға жуық адам тұрады. Олардың көпшілігі облыс орталығына жұмысқа және оқуға барады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“ҚР өнеркәсіп қорының қолдауымен “Семенова” ЖК лизингке “ПАЗ Вектор NEXT” маркалы 5 жаңа автобус сатып алды. Үлкен сыйымдылықтағы автобустарда кондиционерлер, мүгедектер арбасын тасымалдауға арналған жабдықтар бар. №14 маршрут паркінің 80% жаңартылды. Алдағы уақытта қалған жылжымалы құрамды жаңарту қарастырылады”, – деді “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрағасы Галина Семенова.

№14 бағыттағы көліктердің негізгі бөлігін жаңарту үшін 185 млн теңге қажет болды. Жаңа автобустар 52 жолаушыға арналған, оның ішінде 19 отыратын орын қарастырылған.

Shares