Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 19 жастағы Петропавл тұрғыны вейп сатқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

19 жастағы Петропавл тұрғыны вейп сатқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері биылғы жылдың маусым айынан беріайналымына тыйым салынған вейптер сатты деген күдікпен 19 жастағы Петропавл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асатын 545 вейп, оларға арналған 334 бөтелке сұйықтық, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіледі. Жас жігіт еш жерде оқымайды, жұмыс істемейді.

«Темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (ваптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – дейді СҚО ДП бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев. 

Shares