Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 19 жастағы солтүстікқазақстандық Петропавлда алкогольдік ішімдіктерді заңсыз тасымалдаған

19 жастағы солтүстікқазақстандық Петропавлда алкогольдік ішімдіктерді заңсыз тасымалдаған

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне «Жас Өркен» шағын ауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизсіз алкоголь өнімдерінің сақталуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күдіктіні анықтап, гаражынан көлемі 0,5 литр болатын мыңдаған құты алкоголь тапты. Мұндай іске Солтүстік Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны барған болып шықты. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.

Учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сол сияқты әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жинады. Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді.

«Гараж иесінің айтуынша, ол алкогольді одан әрі сату үшін сақтаған. Жыл басынан басқарма қызметкерлері заңсыз айналымнан 5 144 литр алкогольдік өнімді тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – дейді СҚО ПД ҰҚКБ бастығының м.а. Рахат Нұрахметов.

 

Shares