2024 жылы 2-ЖЭО-да жаңа қазандықтың құрылысы басталады
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “ОАЭК” компаниялар тобының акционері Сергей Канмен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Кездесу барысында тараптар жылыту маусымының барысы мен “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның 2024 жылға арналған жөндеу және инвестициялық бағдарламасының жоспарын талқылады.
Облыстың 15 ауылында 90-ға жуық нысанға электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін желілерді жаңғырту және тозуды азайту бойынша бірлескен бағдарлама әзірленуде. Бұдан басқа, жаңа мұржаны салу кестесі бекітілді. Сергей Кан атап өткендей, компания жылу стансасында жаңа қазандық салу бойынша инвестжобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Оның құрылысы биыл басталады.