Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылы Петропавл ТКШ саласын дамытуға шамамен 25 млрд теңге бөлінді

2025 жылы Петропавл ТКШ саласын дамытуға шамамен 25 млрд теңге бөлінді

2025 жылға Петропавл қаласы бойынша «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыруға қаржы бөлу мәселесін қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері қарастырды. Жиын барысында аталып өткендей, осы жылға арналған жоспар 65 млрд 747 млн теңгені құрады, оның ішінде 37 млрд теңгеден астамы қала бюджетінен бөлінген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Байқановтың айтуынша, экономиканың нақты секторын дамытуға 35 млрд 181 млн 800 мың теңге қарастырылған. Соның ішінде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына – 24 млрд 817,3 млн теңге, құрылысқа – 10 млрд 364,5 млн теңге, халықты әлеуметтік қорғау саласына – 3 млрд 751,7 млн теңге, мәдениет саласына 852,5 млн теңге бөлінген. 

«Инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша 5 жылда 74,3 км желіні тарту үшін 2025 жылға 4 млрд 28,7 млн теңге бөлінді. Жергілікті маңыздағы ұзындығы 2,1 мың км-ден асатын жолдарды күрделі және орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 6 млрд 197 млн теңге қарастырылған. Жылу желілерінің 4,98 км қашықтығын қайта жаңартуға 699,2 млн теңге, ал электрмен жабдықтау желілерінің 300 км қашықтығын қайта жаңғыртуға 2 млрд 43,5 млн теңге бөлінді», – деді Жасұлан Байқанов. 

Сонымен қатар, фракция мүшелері Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелеховтың су тасқынына қарсы шаралардың барысы туралы баяндамасын тыңдады. Өткен жылы Ущев және Кожевенная көшелеріндегі екі бөгетті жөндеу және қалпына келтіру, сондай-ақ биотоғанды қоршау жұмыстары басталған болатын. Бұған қоса, Заречный елдімекенінде және аймалма жолда бөгет салу жұмыстары қолға алынды. Бүгінде Ущев көшесіндегі бөгет құрылысы толық аяқталған. Қазір бетон плиталармен нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Shares