Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 22 жастағы петропавлдық «тұз» бен мефедронның 300-ге жуық бірреттік дозасын сатып алған

22 жастағы петропавлдық «тұз» бен мефедронның 300-ге жуық бірреттік дозасын сатып алған

22 жастағы петропавлдық есірткінің аса ірі партиясын жеке пайдалануға сатып алдым деп ақталған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Наурыз айында «мефедрон» және «тұз» деп аталатын есірткімен ұсталған 22 жастағы петропавлдық сот отырысында жалпы салмағы 28 грамнан асатын синтетикалық психотроптық заттарды (бұл 300-ге жуық бірреттік дозаны құрайды) жеке пайдалану үшін сатып алғанын айтып ақталған. Оның үстіне, жас жігіттің айтуынша, ол тек «мефедронды» ғана сатып алған, ал екінші есірткі оған «көтерме сатып алушыға» берілген «бонус» ретінде жіберілген. Сотты жаңылыстырмақ болған әрекеті жүзеге аспады.

«Тергеу барысында жүргізілген сараптама нәтижесі ер адамның есірткіге тәуелді емес екенін және алкоголь мен каннабиноидтарға құмарлығы тиісті кезеңге жетпегенін көрсетті. Ұсталған адамның есірткі сатуға қатысы бар екенін нақты көрсететін басқа да мән-жайлар анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.

Shares