Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 28 жастағы Петропавл тұрғыны есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін 130 мың теңге айыппұл арқалады

28 жастағы Петропавл тұрғыны есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін 130 мың теңге айыппұл арқалады

Шілде айында полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде иісшіл иттің көмегімен Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан жағымсыз иісі бар өсімдік тәрізді зат тәркіленді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі СҚО ПД-ға сілтеме жасап.

Сараптама нәтижесінде ол зат марихуана болып шықты. Петропавлдық есірткіні Алматыдан Петропавлға жолаушылар пойызы арқылы тасымалдаған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тамыз айында Петропавл қалалық сотының шешімімен құқық бұзушыға үкім шығарылды: ол 130 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.

«Жыл басынан бері желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 228 есірткі қылмысын анықтады, оның 21-і – сату және 21-і – аса ірі көлемде сақтау. Заңсыз айналымнан 366 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді», – деп толықтырды ведомства.

Shares